"ПСЖ"-ның бірінші нөмірлі қақпашысы Джанлуиджи Доннаруммаға клуб есікті нұсқап, “кететін уақыт келді” дегенді ашық жеткізген. Алдағы аптада оның болашағы шешілуі тиіс.
Football Italia мәліметінше, үш алпауыттың ішінде “Манчестер Сити” алдағы күндері трансфер жарысына толық күшпен қосылмақ. “Бавария” да қимылдап үлгерген, ал “Челси” әзірге алыстан бақылап, қарсыластарын аңдып тұр.
Бұған дейін “ПСЖ” спорт директоры Луиш Кампуш, командадағы бірінші нөмірлі қақпашы Доннарумманың кетуін талап еткені хабарланған еді. Бұл шешім клубтың “Лилль” қақпашысы Люка Шевальені алғанына байланысты қабылданған екен.
Біздің серіктес: FONBET