Жарнама
Жарнама

"Манчестер Сити" чемпиондарды оңдырмады

17.08.2015, 04:22
Жарнама
Жарнама
"Қалалықтар" өз алаңында Жозе командасын 3 доп басымдылығымен ұтты АПЛ-дың екінші турындағы орталық ойын күтпеген нәтижемен аяқталды. "Манчестер Сити" "Эттихад" сталионында ақсүйектерді қабылдаған болатын. Алаң қожайындары ойынды белсенді бастады. 1-ші минутта-ақ есеп ашуға тиіс-тұғын. Серхио Агуэро қорғаушылардан сытылып шығып, Асмир Беговичпен жеке-дара шыққанымен, босниялық қақпашының мысы басым болды. Негізі, Асмир жақсы ойын өткізді. Ол болмағанда қорытынды есепті елестетудің өзі лондондықтар үшін қиын еді. 16-шы және 17-ші минуттарда Агуэро тым болмаса бір гол салуға тиіс болатын. Алайда, қақпашы екі сәтте де қақпаны голдан аман сақтап қалды. Бірақ, 31-ші минутта Асмир де көмектесе алмады. Екі қорғаушыны қапыда қалдырған аргентиналық сұрмерген сол аяғымен сол бұрышты дәл көздеп, матчтың есебін ашты. "Челси" ес жиып, кеткен есені қайтаруға ұмтылатындай көрінген. Іс жүзінде олай болмай шықты. Тайм аяғына дейін жарытып шабуыл ұйымдастыра алмады. Тек, екінші таймның басында ғана Рамиресте есепті теңестіретін мүмкіндік болған. "Ақсүйектер" жартылай қорғаушысының голы оффсайдқа байланысты саналған жоқ. Ойын орталық алаңсыз өтті. 70-ші минутта Азардың соққысынан кейін Харт командасын голдан құтқарып қалды. Ал, "Манчестер Сити" келесі шабуылда-ақ бұрыштама добын еншілеп, сол стандартты жағдайдан кейін, Компани есепті еселеп кетті. Бұл чемпиондардың толықтай тізе бүккені еді. Бес минуттан соң Фернандиньо есепті іріледі. Төреші қосқан уақытта Коста мен тыңнан қосылған Фалькао Челсиді масқарадан сақтап қалуға тырысқан. Бірақ, испандық шабуылшының добы қақпа бағанына тисе, колумбиялыққа Джо Харт тосқауыл болды. Осылайша, чемпионаттың екі туры өтсе де чемпиондардың еншісінде бір ұпай ғана. Пеллегрини шәкірттері болса, маусымдағы екінші ірі жеңісіне қол жеткізіп көш бастап тұр. Манчестер Сити – Челси 3:0 (1:0) Голы: Агуэро, 31 (1:0); Компани, 79 (2:0); Фернандиньо, 85 (3:0).
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров