«Боруссия Дортмундтың» шабуылшысы Эрлинг Холанд «Манчестер Ситиге» ауысса, Ағылшын Премьер-лигасындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншы болады, деп хабарлайды Daily Mail.
Дереккөздің айтуынша, «қалалықтар» шабуылшыға апталық жалақысы 600 мың еуроны құрайтын келісім-шарт ұсынған.
Бұған дейін «Манчестер Ситидің» норвегиялық шабуылшыны сатып алуға қаржылық мүмкіндіктерінің бар екені хабарланған болатын.
Эрлинг Холандтың дортмундтық клубпен қазіргі келісім-шарты 2024 жылы аяқталады. Шабуылшыға «Реал Мадрид» пен «Барселона» да қызығушылық танытуда.
Біздің серіктес: FONBET