"Манчестер Сити" "Тоттенхэмнің" шабуылшысы Гарри Кейнді сатып алу туралы ресми ұсыныс жасады, деп хабарлады журналист Фабрицио Романо.
Дереккөздің хабарлауынша, "қала тұрғындары" ойыншы үшін 100 миллион фунт стерлинг (116 миллион еуро) және ойыншыларының бірін қосу мүмкіндігін ұсынған. Лондондық клуб бұл ұсынысты қабылдағысы келмейді. Кейн командадан осы жазда кеткісі келеді, бірақ клуб президенті Дэниэл Леви оны командада алып қалуға тырысады. Гарридің тағдыры 2020 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін шешілетіні атап өтілді.
Кейн - "Тоттенхэмнің" түлегі. Шабуылшы 2011 жылы лондондық клуб сапында дебют жасаған. Өткен маусымда 27 жастағы шабуылшы Англия Премьер-лигасының 35 матчына қатысып, 23 гол соқты (төртеуі пенальтиден) және 14 голдық пас берді.
Біздің серіктес: FONBET