Жарнама
Жарнама

«Манчестер Сити» клубтар арасындағы Әлем чемпионатын жеңіспен бастады

18.06.2025, 21:40

Бүгін «Линкольн Файнэншл Филд» стадионында (Филадельфия) 2025 жылғы Клубтар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында Англияның «Манчестер Сити» және Марокконың «Видад» клубтары өзара күш сынасты.

Жарнама
Жарнама

Ойынның 2-минутында есепті Фил Фоден ашты. Ал 42-минутта бельгиялық Жереми Доку екінші голды соқса, 88-минутта «Ситидің» қорғаушысы Рико Льюис тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Бұл ойында ағылшын ұжымы сапында екі ойыншы алғаш рет алаңға шықты: Тейани Рейндерс пен Райан Шерки. Голландиялық жартылай қорғаушы толық матчты өткізсе, француз футболшысы 60-минутта ауыстырылды. Екінші таймда жарақатынан кейінгі екінші ойынына шыққан Родри Фоденнің орнына алаңға енді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: