Жарнама
Жарнама

«Манчестер Сити» Криштиану Роналдуға екі жылдық келісім-шарт ұсынды

26.08.2021, 17:16
Гарри Кейн «Тоттенхэмде» қаламын деп шешті, сондықтан «қалалықтар» бар назарын Роналдуға аударды.
Жарнама
Жарнама

"Манчестер Сити" "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды журналист Николо Скира өзінің Twitter парақшасында.

Дереккөздің хабарлауынша, ағылшын клубы 36 жастағы португалиялық футболшымен 2023 жылға дейін келісім-шартқа отыруға дайын. Бұған дейін Роналду жазғы трансферлік терезе жабылғанға дейін "Ювентустен" кетуі мүмкін деген ақпарат пайда болған еді және футболшыға тек "Манчестер Ситидің" көзі түсіп отыр. Туриндік клуб Роналду үшін 25 миллион еуро алғысы келеді, себебі оның келісім-шарты 2022 жылдың жазында аяқталады

Еске салайық, Роналду 2018 жылдан бері туриндік "Ювентус" сапында өнер көрсетеді. 36 жастағы португалиялық форвард өткен маусымда 29 гол соғып, Италия чемпионатының үздік сұрмергені атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров