Ағылшынның “Манчестер Сити” футбол клубы Германияның әйгілі Puma спорттық брендімен тарихи маңызы бар серіктестік туралы келісімге қол қойды. Келісімнің ұзақтығы — 10 жыл, ал жалпы құны — 1 миллиард фунт стерлинг. Бұл көрсеткіш бойынша клуб жыл сайын 100 миллион фунт, яғни қазіргі бағаммен шамамен 130 миллион доллар табыс табады.
Аталған келісім — әлемдік футбол тарихындағы ең қымбат демеушілік келісімдердің бірі болып отыр.
Бұған дейін “Манчестер Сити” мен Puma арасындағы жылдық келісім 65 миллион фунтқа бағаланған болатын. Енді бұл сома айтарлықтай өскен. Келісім бойынша, Puma компаниясы клуб ойыншыларына, бапкерлер құрамына және қызметкерлерге арналған спорттық киім, аяқ киім және керек-жарақтарды өндіру мен тарату құқығына толық ие болады.
Бұл келісім тек “Манчестер Ситидің” өзімен шектелмейді. Ол сондай-ақ City Football Group құрамындағы басқа клубтарға да таралады. Олардың қатарында “Жирона”, “Мельбурн Сити”, “Нью-Йорк Сити” секілді клубтар бар.
“Манчестер Сити” мен Puma арасындағы бұл 10 жылдық серіктестік — футболдағы қаржылық және маркетингтік ынтымақтастықтың жаңа деңгейін көрсетуде. Бұл келісім клубтың коммерциялық және спорттық табысына серпін беріп, әлемдік нарықтағы ықпалын арттыруға жол ашады.
Біздің серіктес: FONBET