"Манчестер Сити" "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессиге келісімшарт ұсынуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Mundo Deportivo The Telegraph басылымына сілтеме жасап.
Дереккөздің хабарлауынша, 2021 жылы қаңтарда "қала тұрғындары" аргентиналыққа ұсыныс жасайтын болады. Месси клубтармен келіссөздерді бастай алады, өйткені ол кезде "Барселонамен" келісімшартының аяқталуына алты ай қалады.
Каталониялық клубтан президент Хосеп Мария Бартомеудің және оның директорлар кеңесінің қызметінен кетуі, сондай-ақ жаңа басшылықтың келуіне байланысты орын алған келеңсіздікті пайдаланып, "Манчестер Сити" Мессиді мерзімінен бұрын көндіргісі келеді.
Месси "Барселонаның" намысын 2003 жылдан бері қорғап келеді. Футболшы клубпен бірге 34 кубок жеңіп алды. Соңғы трансферлік терезеде Лео клубтан кеткісі келетінін хабарлады, бірақ мұны кейінге қалдырды.
Біздің серіктес: FONBET