«Манчестер Сити» «Миланның» шабуылшысы Рафаэль Леауды сатып алуға мүдделі және ойыншының агенті Жорже Мендешпен келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы журналист Николо Скира хабарлады.
Дереккөздің айтуынша, италиялық клуб өз ойыншысымен қоштасуға дайын емес және оның трансфері үшін кем дегенде 70 миллион еуро сұрауда. Сондай-ақ «Милан» Леауға маусымдық жалақысы 4,5 миллион еуроны құрайтын төрт жылдық келісім-шарт ұсынған.
22 жастағы Леау «Милан» сапында 2019 жылдан бері ойнап келеді. Шабуылшы осы маусымда 36 ойында 12 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.
Леау мен «Милан» арасындағы келісім-шарт мерзімі 2024 жылы аяқталады. Transfermarkt ойыншыны 50 миллион еуроға бағалады.
Біздің серіктес: FONBET