Жарнама
Жарнама

«Манчестер Сити» қорғаушы сатып алды

06.08.2020, 15:04
Гвардиола «Манчестер Ситиге» келгелі бері қаражаттың басым бөлігін қорғаушы алуға жұмсаған екен.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Сити» ресми сайтында «Борнмут» қорғаушысы Натан Акенің ауысқандығы туралы хабарлады. 25 жастағы футболшының «қала тұрғындарымен» келісімшарты бес жылға жасалған.

"Манчестер Ситиге" ауысқаныма қуаныштымын. Хосеп Гвардиола - бүкіл әлемге танымал бапкер. Оның футболдағы жетістіктері айтпаса да белгілі. Маған оның ойын стилі ұнайды", - деді Аке.

Натан 2016 жылдан бері "Борнмуттың" намысын қорғады. Алдымен бұл клубта «Челсиден» жалға барып ойнады, содан кейін «Борнмут» ойыншыны сатып алды. Англия Премьер-лигасының соңғы маусымының қорытындысы бойынша команда турнир кестесінде 18-ші орынға ие болды және Чемпионшипке ұшты. Футболшы АПЛ-де 29 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 2 голдық пас берді, 2 сары қағаз алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров