Жарнама
Жарнама

"Манчестер Сити" шабуыл шебін кіммен күшейтпек?

06.12.2019, 04:27
Жарнама
Жарнама

Хосеп Гвардиола шабуыл шебін тағы да күшейту үшін осы қысқы трансфер кезінде ойыншы сатып алғысы келеді.

Осы орайда "Манчестер Сити" "Барселона" шабуылшысы Осман Дембелені сатып алудан дәмелі. El Desmarque мәліметіне сенсек, ағылшын клубының өкілдері футболшының агентімен кездескен көрінеді.

Осыдан біраз уақыт бұрын 22 жастағы шабуылшыны "ПСЖ" мен Лондонның "Челсиі" сатып алғысы келетіні туралы мәлімет шыққан.
Айта кетейік, Османды "Барса" 2017 жылдың жазында Дортмундтың "Боруссиясынан" 125 млн. еуроға сатып алған еді. Қазіргі келісім шарты 2022 жылдың ортасына дейін жарамды. Дегенмен француз ойыншысы өткен және биылғы маусымда тізе жарақатына байланысты көп ойынға қатысқан жоқ. Осыған байланысты трансферлік құны да аздап төмендеген. Transfermarkt.de порталының бағамына сенсек, құны 100 млн. еуро.
Осы жылы футболшы 9 ойында 1 гол салып үлгерді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров