Жарнама
Жарнама

«Манчестер Сити» швейцариялық қорғаушыны қатарға қоспақ

31.08.2022, 03:23
Хосеп Гвардиоланың командасы оны болмашы ақшаға сатып алды.
Жарнама
Жарнама

Журналист Дэвид Орнштейннің айтуынша, «Манчестер Сити» трансферлік терезенің соңғы күнінде 27 жастағы швейцариялық қорғаушы Мануэль Аканжиді сатып алады.

Бұл футболшының «Боруссия Дортмундпен» келісім-шарты келесі жазда аяқталады. Мануэль жаңа келісімге қол қоюдан бас тартқандықтан, басшылық оны негізгі құрамнан аластату туралы шешім қабылдады. Мұны байқаған Хосеп Гвардиоланың командасы қорғаушы үшін небәрі 17,5 миллион еуро ұсынды. Аканжиге Уэсли Фофананы «Челсиге» сатқан «Лестер» де қызыққан еді. Бірақ «Манчестер Сити» «түлкілердің» алдын орап кетті.

Еске салайық, осыдан 4 жыл бұрын «Боруссия» Аканжиді «Базельден» 21,5 миллион еуроға сатып алған болатын. Қорғаушы содан бері дортмундтық клуб сапында 158 ойынға (төрт гол және екі нәтижелі пас) қатысты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров