Жарнама
Жарнама

«Манчестер Сити» тағы 5 ойыншы сатып алмақ

06.08.2020, 00:24
Келесі жылы АПЛ-ді «Ливерпульге» оңайлықпен бермейді
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Сити» 12 қыркүйекке жоспарланған жаңа маусымның қарсаңында құрамын күшейтпек.

Sky Sports-тың хабарлауынша, "қалалықтар" "Валенсиядан" жартылай қорғаушы Ферран Торресті алып үлгерді және қорғаушы Натан Акені сатып алғаны жайлы жақын арада жариялауы керек.

«Манчестер Ситидің» басты мақсаты - орталық және қапталдағы қорғаушыларды сатып алу, сонымен қатар келісімшарты аяқталған жартылай қорғаушы Давид Сильва мен маусым айында 32-ге толған шабуылшы Серхио Агуэроны алмастыру.

Англия клубы үшін шабуылды күшейтудің негізгі нұсқасы «Интер» командасынан Лаутаро Мартинесті сатып алу болып қала береді. Сондай-ақ, «Атлетикодан» Жоао Фелишті алуға ниет білдірді.

"Манчестер Сити" қорғаныс шебін күшейту мақсатында «Наполидің» көшбасшысы Калиду Кулибалиді алу үшін қолынан келгенін жасап көреді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Манчестер Сити» құрамды күшейту үшін бас бапкер Хосеп Гвардиолаға 300 миллион еуро бөледі деп хабарланған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров