Жарнама
Жарнама

«Манчестер Ситидің» екі ойыншысы коронавирус жұқтырды

07.09.2020, 22:47
Қос футболшы да негізгі құрамның ойыншылары еді.
Жарнама
Жарнама

"Манчестер Ситидің" баспасөз қызметі екі ойыншының коронавирус жұқтырғанын жариялады.

Вирустың белгілері шабуылшы Рияд Марез бен қорғаушы Эмерик Ляпорттан анықталды. Клубтың ақпараттарына сәйкес, екі ойыншы да Премьер-Лига мен Ұлыбритания үкіметінің хаттамасына сәйкес оқшаулану кезеңін сақтайды.

Марез "Манчестер Ситиге" 2018 жылдың жазында "Лестер Ситиден" ауысқан еді. Трансфер құны 67,8 миллион еуроны құрады. Өткен маусымда алжирлік ойыншы Премьер-лиганың 33 матчына қатысқан (негізгі құрамда 21), 11 гол және 13 нәтижелі пас берген.

Ал Ляпорт Гвардиоданың командасына "Атлетиктен" 2018 жылдың қаңтарында қосылды. Ойыншы мен клуб арасындағы қазіргі келісім 2025 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Өткен маусымда ол жарақатына байланысты «Манчестер Сити» құрамында небәрі 15 матч өткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров