"Манчестер Ситидің" рекордтық трансфері Джек Грилиш маусымның соңына дейін "Эвертон" клубына жалға ауысты. Ол жаңа командасында 18-нөмірмен өнер көрсетеді.
"Эвертон” Грилишті 50 миллион фунтқа толық сатып алу мүмкіндігіне ие, ал түпкілікті шешімді ойыншының өзі қабылдайды.
Грилиш 2021 жылы "Манчестер Ситиге" 100 миллион фунтқа ауысқан болатын. Өткен маусымда ол “Қалалықтар" сапында 32 матчқа қатысып, үш гол соғып, бес нәтижелі пас берген.
Transfermarkt дерегінше, оның нарықтық құны 28 миллион еуро.
Біздің серіктес: FONBET