Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» аргентиналық қорғаушыны қатарына қосты

18.07.2022, 02:15
Трансфер құны 54 миллион еуроны құрады.
Жарнама
Жарнама

Амстердамдық «Аякстың» қорғаушысы Лисандро Мартинес ресми түрде «Манчестер Юнайтедке» ауысты.

24 жастағы аргентиналық футболшы жақын күндері медициналық тексерістен өту үшін Ұлыбританияға келеді және «қызыл сойқандармен» ұзақ мерзімді келісім-шартқа отырады. Мартинес үшін «Манчестер Юнайтед» «Аяксқа» 54 миллион еуро төледі.

Мартинес амстердамдық клубқа 2019 жылдың жазында қосылды. Содан бері қорғаушы 188 ойында алты гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Лисандро «Аякс» сапында «Манчестер Юнайтедті» тізгіндеген Эрик Тен Хагтың жетекшілігімен үш жыл ойнады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров