Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» «Аталанта» шабуылшысын қатарға қосты

02.01.2021, 21:04
Футболшының трансферлік құны 30 миллион еуроны құрады деп болжануда.
Жарнама
Жарнама

"Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Оле Гуннар Сульшер Англия Премьер-лигасының 17-турында "Астон Вилламен" болған матчтан кейін (2:1) "Аталанта" клубының 18 жасар шабуылшысы Амад Траоренің клубқа жақын арада ауысатынын растады.

"Бізде барлық құжаттар бар, мен ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпын. Жақын арада ол бізге қосылады деп үміттенемін. Мен Амадты көргенде өте қуанышты болар едім. Оған өсу үшін уақыт қажет", - деді Сульшер Goal.com сайтына берген сұхбатында.

2020 жылдың қазан айында "Манчестер Юнайтед" "Аталанта" клубының футболшысын сатып алу туралы келісімге келген еді. Осы маусымда Траоре А сериясының 1 матчына қатысып, бір сары қағаз алды. "Аталанта" 13 кездесуде 22 ұпай жинады және Италия чемпионатының турнир кестесінде 7-орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров