Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» «Аякс» шабуылшысын сатып алды

29.08.2022, 17:22
«Қызыл сойқандар» футболшы үшін 100 миллион еуро төлемек.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» пен «Аякс» бразилиялық шабуылшы Антонидің трансфері туралы ортақ мәмілеге келді. Италиялық журналист Фабрицио Романо хабарлағандай, амстердамдық клуб ойыншы үшін шамамен 100 миллион еуро алатын болады.

Инсайдердің айтуынша, Антонидің «қызыл сойқандармен» келісім-шарты 2027 жылдың маусымына дейін жасалмақ. Бразилиялық футболшы бүгін Англияға келіп, медициналық тексерістен өтеді деп күтілуде. Трансфер сомасы бойынша бұл ауысым Голландия чемпионаты үшін рекорд болғалы тұр.

22 жастағы Антони «Аяксқа» 2020 жылы бразилиялық «Сан-Паулудан» ауысып келді. Осы маусымда шабуылшы үш матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров