Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» бас бапкерін қызметінен босатпақ

21.11.2021, 13:35
Оның орнына команданы уақытша МЮ-дің экс-футболшысы жаттықтырмақ.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Оле Гуннар Сульшер қызметінен босатылады, деп хабарлайды The Times.

Дереккөздің хабарлауынша, мұндай шешімді МЮ басшылығы шұғыл жиында қабылдаған. Бұл шешімге «Уотфордпен» болған матч (1:4) әсер етті.

Қазір норвегиялық маманмен келісім-шартты бұзу мәселесі талқыланып жатыр. Қолданыстағы келісім-шартқа сәйкес, Сульшерді жұмыстан шығарғаны үшін «Манчестер Юнайтед» 7,5 миллион фунт стерлингке төлеуі мүмкін. Бас бапкердің көмекшісі Майк Фелан да орнын босатады деп күтілуде.

Инсайдер Николо Скираның мәліметіне сенсек, бас бапкердің міндетін уақытша Даррен Флетчер атқаратын болады. Ал оған Майкл Кэррик көмектеседі.

«Қызыл сойқандар» Премьер-лигадағы соңғы бес ойынның төртеуінде жеңіліп, қақпасына 15 гол жіберіп алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров