«Манчестер Юнайтед» басшылығы жазғы трансферлік терезеде белсенді түрде жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.
Дереккөздің айтуынша, «Манчестер Юнайтед» «Эвертон» шабуылшысы Ришарлисон мен «Бенфика» шабуылшысы Дарвин Нуньестің ауысу мүмкіндігін талқылаған.
Келесі аптада Эрик тен Хаг ресми түрде «Манчестер Юнайтедтің» бапкері атанады деп күтілуде. Голландиялық маман командаға жаңадан қосылатын ойыншыларды жеке өзі таңдағысы келеді.
Ришарлисон осы маусымда «Эвертон» жейдесінде 23 ойынға қатысып, бес гол соқты, үш нәтижелі пас берді. Оның клубпен келісім-шарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 50 миллион еуроға бағалады.
Біздің серіктес: FONBET