Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» екі ойыншымен қош айтысуы мүмкін

14.11.2021, 20:54
Екі футболшы да негізгі құрамға іліге алмауда.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Донни ван де Бек клубтағы болашағына күмәнмен қарауда, деп жазады журналист Фабрицио Романо.

Дереккөздің хабарлауынша, 24 жастағы голландиялық футболшы «Манчестер Юнайтедті» жақсы көреді және жаттығуда барын салуда, бірақ жағдай өзгермесе, қысқы трансферлік кезеңде клубтан кетуге ниетті.

Еске салайық, соңғы екі матчта жартылай қорғаушы ойынның соңында ғана алаңға шыққан болатын, ал оған дейін қатарынан жеті кездесу бойы қосалқы құрамда отырған.

The Sun басылымы «Манчестер Юнайтедтің» қақпашы Дин Хендерсонды жалға беруге дайын екенін жеткізді.

Бізге жеткен ақпарат бойынша, «қызыл сойқандар» 24 жастағы қақпашыны бір жарым жылға басқа клубқа жіберуі мүмкін. Қазіргі уақытта Хендерсонға «Ньюкасл» қызығушылық танытуда.

Осы маусымда Хендерсон «Манчестер Юнайтед» жейдесінде бір ғана ойынға қатысты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров