Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» футболшысы Конго құрамасында ойнау туралы ұсыныстан бас тартты

20.12.2020, 18:27
Футболшының ата-анасы Африка елінде дүниеге келген көрінеді.
Жарнама
Жарнама

"Манчестер Юнайтедтің" қорғаушысы Аарон Ван-Биссака Конго демократиялық республикасының атынан ойнау туралы ұсыныстан бас тартты. Футболшы Англия құрамасында ойнағысы келеді, деп жазады The Times.

Ван-Биссака Англиядағы Кройдон қаласында дүниеге келген. Бірақ Конго Демократиялық Республикасының U20 құрамасында 2015 жылы Англияға қарсы ойнады. Үш жылдан кейін ол Англияның U20 және U21 құрамаларында ойнады.

"Манчестер Юнайтедке" келгенге дейін футболшы 2017 жылдан 2019 жылға дейін "Кристал Пэлас" клубында доп тепті. Осы маусымда 23 жастағы Ван-Биссака Премьер-лигада 11 матч өткізіп, бір гол соқты.

2019 жылдың тамызында Ван-Биссаканы бас бапкер Гарет Саутгейт Англия құрамасына шақырды, бірақ жарақатына байланысты ол Еуро-2020 турнирінің іріктеу матчтарына қатыса алмады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров