Жарнама
Жарнама

"Манчестер Юнайтед" коронавирусқа байланысты Қытайдағы турнеден бас тартуы мүмкін

11.02.2020, 23:37
Жарнама
Жарнама

"Манчестер Юнайтед" Қытайдағы жазғы турнеден бас тартуы мүмкін деп хабарлайды ESPN. Қазір ағылшын ұжымы Азия құрлығының өзге аймақтарында жолдастық кездесу өткізу мәселесін қарастырып жатқан көрінеді.

Ұлыбритания билігі коронавирусты әлемдік ауқымдағы қауіпті ауру деп мойындаған болатын.

Айта кетейік, "МЮ" бұған дейін 4 жыл турнені АҚШ-та өткізген еді. Егер Азиядағы ахуал осы қалыптан жақсармаса онда "МЮ" құрлық асуды қарастыра бастамақ.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров