«Манчестер Юнайтедтің» жаңа бас бапкері Ральф Рангник «РБ Лейпцигтің» жартылай қорғаушысы Амаду Айдараны командада көргісі келеді, деп жазады Manchester Evening News.
«Манчестер Юнайтед» өкілдері 23 жастағы футболшыны Германия чемпионатында «Унионмен» және Чемпиондар лигасында «Манчестер Ситимен» өтетін келесі матчтарда бақылап көрмек. Англиялық клуб Айдараға осы қыста ұсыныс жасауы мүмкін. Оның келісім-шартындағы өтемақы мөлшері 40 миллион еуроны құрайды.
Ральф Рангник малилік футболшыны 2018 жылы «Ред Булл Зальцбургтен» «РБ Лейпцигке» ауыстыру кезінде басты рөл атқарған еді. Айдараның өзі де бұған дейін «Манчестер Юнайтедте» ойнауды армандайтынын мойындаған болатын.
Биылғы маусымда Айдара Бундеслигада 12 кездесу өткізіп, 2 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET