Ағылшын Премьер-лигасының 34-турындағы "Манчестер Юнайтед" - "Ливерпуль" матчы кейінге қалдырылды.
"Полициямен, Англия Премьер-лигасының және "Олд Траффорд" стадионының басшылығымен және клубтар арасындағы пікірталастардан кейін "Манчестер Юнайтед" - "Ливерпуль" матчы бүгінгі шеруге байланысты қауіпсіздікті сақтау мақсатында кейінге қалдырылды. Енді Премьер-лигамен бірге біз бұл матчтың уақытын талқылайтын боламыз.
Біздің жанкүйерлер "Манчестер Юнайтедті" жақсы көреді және біз олардың сөз бостандығы мен бейбіт наразылық құқығын толық мойындаймыз. Алайда, біз команда жұмысының бұзылуына және жанкүйерлердің қызметкерлер мен полицияға қауіп төндірген әрекеттерін қолдамаймыз. Біз құқық қорғау органдарына көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамыз және тергеу кезінде оларға көмектесеміз", - деп келтіреді Sky Sports "Манчестер Юнайтедтің" ресми мәлімдемесін.
Айта кетейік, осы матч басталар тұста "қызыл сойқардардың" мыңдаған жанкүйерлері басшылыққа қарсы наразылық акциясын өткізді. Алдымен жанкүйерлер стадион жанында митинг өткізді, содан кейін кейбір жанкүйерлер "Олд Траффордқа" баса көктеп кірді. Кейінірек жанкүйерлердің стадионнан кете бастағаны хабарланды.
Біздің серіктес: FONBET