Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы матч кезінде жүрегіне қатысты мәселелерге тап болды

13.12.2021, 16:11
Оның тыныс алуы қиындап, жүрегі қатты соққан екен.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Ральф Рангник «Норвичпен» болған (1:0) матчтың соңында қорғаушы Виктор Линделёфті не себепті ауыстырғанын айтты. Кездесудің 74-минутында швециялық қорғаушы алаңдағы орнын Эрик Байиге босатып берген еді.

«Ол қарсыласымен соқтығысып қалды, бірақ сол кезде не болғанын есіне түсіре алмады. Оның тыныс алуы қиындады, 10 минут бойы жүрек соғысы нормадан жоғары болды. Линделеф есеңгіреп қалды, мұнымен қалай күресетінін білмеді. Клуб дәрігері оны тексерістен өткізді, қазір бәрі жақсы сияқты. «Брентфордқа» қарсы өтетін ойынға дайын болады деп ойлаймын», - деді Рангник.

Соңғы кездері мұндай жағдайлар жиілеп кетті. Даниялық жартылай қорғаушы Кристиан Эриксен Еуро-2020 турнирінде жүрек талмасына шалдыққан еді, «Барселонаның» шабуылшысы Серхио Агуэро да дәл осы мәселеге тап болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров