Ральф Рангник Оле-Гуннар Сульшер жұмыстан босатылған жағдайда «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері қызметіне басты үміткер ретінде қарастырылады, деп хабарлайды The Sun.
Дереккөздің айтуынша, 63 жастағы неміс маманы ағылшындық клубта жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр. Оның 2019 жылы «қызыл сойқандарды» тізгіндеуге мүмкіндігі болды, бірақ кейін клуб басшылығы Сульшерді өз орнында қалдыруға шешім қабылдады.
«Манчестер Юнайтед» 11 ойында 17 ұпаймен Премьер-лиганың турнирлік кестесінде 7-ші орында келеді.
2021 жылдың шілдесінде мәскеулік «Локомотив» Рангниктің спортты дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалғанын жариялады. Келісім-шарт 3 жылға есептелген.
Біздің серіктес: FONBET