Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» тағы бір футболшымен қоштасты

02.06.2022, 04:12
Футболшы мансабын өз елінде жалғастыруды көздеп отыр.
Жарнама
Жарнама

29 жастағы жартылай қорғаушы Джесси Лингард «Манчестер Юнайтедтен» кетеді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Англиялық футболшының «қызыл сойқандармен» келісім-шарты 30 маусымда бітеді. Лингард - «Манчестер Юнайтедтің» түлегі. Жартылай қорғаушы 2014 жылы Луи ван Галдың тұсында негізгі команда сапында дебют жасады.

Жалпы Лингард «Манчестер Юнайтед» жейдесінде 232 матчқа қатысып, 35 гол мен 21 нәтижелі пастың авторы атанды. 29 жастағы ойыншы Премьер-лиганың өткен маусымында 16 ойын өткізіп, 2 гол соқты.

Лингардқа «Вест Хэм Юнайтед» пен «Ньюкасл Юнайтед» клубтары қызығушылық танытуда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров