Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтедті» тізгіндейтін бапкердің есімі белгілі болды

26.11.2021, 15:08
Неміс маманы команданы маусым соңына дейін жаттықтырады.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» 63 жастағы неміс маманы Ральф Рангникті бас бапкер қызметіне тағайындамақ.

The Athletic журналисі Дэвид Орнстейн хабарлағандай, тараптар алты айлық келісім-шартқа отырады. Бұл мерзім аяқталғаннан кейін Рангник екі жыл бойы клубта кеңесші қызметін атқаратын болады. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметіне сенсек, клубты тізгіндейтін келесі бапкерді дәл осы неміс маманы анықтайтын болады, одан бөлек, Рангник жаңа ойыншыларды тартумен айналыспақ. Дәл қазіргі сәтте Ральф Англияда жүр және құжаттарды реттеуде.

Біи айта кетерлігі, неміс маманы Премьер-лиганың келесі турында «Челсимен» болатын ойынға команданы бас бапкер ретінде алып шыға алмайды.

Ральф Рангник бұған дейін «Локомотив» клубының спорт және даму бөлімінде қызмет етті. Ол 2021 жылдың шілдесінде ресейлік клубпен үш жылдық келісім-шарт жасасқан еді.

«Манчестер Юнайтед» 12 матчта 17 ұпай жинап, Премьер-лиганың турнирлік кестесінде жетінші орында келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров