«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Неманья Матич маусым соңында командадан кететінін мәлімдеді.
«Көп ойланып, мен бұл «Манчестер Юнайтед» сапындағы соңғы маусымым болады деп шештім. Бұл шешімімді басшылыққа, бас бапкерге және ойыншыларға айтып қойдым.
Мен үшін осы ұлы клубта ойнау үлкен мәртебе болды. Жанкүйерлерге үнемі қолдау көрсеткендері үшін көп рахмет!
Енді мен командаластарыма маусымды барынша жақсы аяқтауы үшін көмектесіп, барымды саламын», - деп жазды Матич өзінің Instagram парақшасында.
33 жастағы сербиялық футболшының «қызыл сойқандармен» келісім-шарт мерзімі 2023 жылға дейін есептелген. Жартылай қорғаушы осы маусымда «Манчестер Юнайтед» үшін 26 ойынға қатысып, екі нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET