Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтедтің» тарихтағы символдық құрамасы

24.11.2013, 09:56
Жарнама
Жарнама
Жақында Англияның атақты «The Sun»  спорт сайыты «Манчестер Юнайтед» тарихындағы символдық құраманы анықтаған болатын. Ғалам тор арқылы дауыс берген жанкүйерлер өз назарларындағы ең үздік он бір ойыншыны талдап шыққан. Нәтижесінде ең көп дауысқа «қызыл сойқандардың» аңыз ойыншысы Гиггз ие болса, екінші орын Португалдық сұрмерген Роналдуға бұйырған екен.  Сонымен,дауыс беру нәтижесі:     Ойын жүйесі: 3-4-3  Қақпашы:     Peter Schmeichel 1968.06.23 дүниеге келген  . 1991 жылы  «Манчестер Юнайтед» қатарына қосылған.  Команда сапындағы он жыл көлемінде ол өз шеберлігімен жоғары дәрежелері Қақпашы атанған. Қорғаушылар:  Денис Ирвин 1990-99 жылдары аралығында команданың ең маңызды ойншыларының бірі болған.  Я́коб Стам. 1998- 2001 жылдары Алекс фергюсонның сенімді сарбаздарының бірі саналған. Данкан Эдвардс. «Маечестер Юнайтед» жейдесінде 1952-58 жылдары өнер көрсеткен. Жартылай қорғаушылар :    Бест Джордж  1990 - 99 жылдарыдағы «қызыл сойқандардың ойыншысы. Гиггз. 1986 жылы 14 жасында-ақ команда қатарына алынған. Содан бері сансыз асуларды бағындырған ол команданың рухы саналады.  Пол Скоулз. 1974.11.16 күні туылған, «Манчестер Юнайтед» үшін 700 реттен астам алаңға шыққан.  2011 жылы мамыр айында жасыл алаңға  хош айтқан ойыншы ,                               2012 жылы қаңтар айында қайта оралады еді.  Бірақ 2013 жылы мамыр айында футболшылық мансабын түбегейлі аяқтады.   Дэвид Бекхем. 1991 жылы «Манчестер Юнайтед» жастар құрамына қабылданған,   1995 жылы тұңғыш рет команда ұшін жасыл алаңға шыққан.  2007 жылы командамен қоштасқанға дейін жан күйлернің ең сүйікті жұлдызы болып келді.  Шабулшылар:  Криштиану Роналду. 2003 жылы «Манчестер Юнайтед» жейдесін кигеннен, 2009 жылы командадан кеткенге дейін көптеген жетістікке жетіп,                                                            жан күйлерлердің қолдауына бөленген.  эрик кантона. 1992-1997 жылдар аралығындағы команданың үздік шабуылшысы. Роберт Чарльтон. 1937жылы туылған.17 жасында команда қатарына алынғаннан тартып барлық спорттық өмірін «Манчестер Юнайтедға» арнаған.
                                                                
                                                                                                                                                                                                         Ернар Төлеубек
       
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров