Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтедтің» жаңа бапкері Роналдудың болашағына қатысты шешім қабылдады

16.04.2022, 17:12
Голландиялық маман клуб басшылығына өз талаптарын айтқан екен.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтедтің» жаңа бапкері Эрик тен Хаг Криштиану Роналдуды «Манчестер Юнайтедке» керек емес деп санайды. Бұл туралы The Daily Star басылымы мәлімдеді.

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері болып тағайындалған соң, Эрик тен Хаг клубтың жұлдызды шабуылшысынан құтылуға тырысады.

«Қызыл сойқандардың» басшылығымен болған келіссөздер барысында голландиялық бапкер Роналдуды жоспарына кірмейтінін және өзінің ойын стиліне сәйкес келмейтінін ашық айтқан.

Айта кетейік, амстердамдық «Аякстың» бас бапкері Эрик тен Хаг келесі аптада ресми түрде «Манчестер Юнайтедті» тізгіндеуі мүмкін

Роналду осы маусымда Премьер-лигада 25 ойынға қатысып, 12 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров