Италия ұлттық құрамасының бас бапкері Роберто Манчини "Ювентустың" экс-ойыншысы Джанлука Виаллидің өмірден өтуіне байланысты мәлімдеме жасады. Виалли 6 қаңтарда дүние салды.
"Бұл жайт мен үшін, Италия футболы үшін және оның отбасысы үшін үлкен соққы болды. Досымның қазасы маған ауыр болсада, алға жылуым керек. Мен ғажайыпқа сенген едім. Біз жиі көрісіп тұратынбыз. Әзілдесіп, ойнап-күлген кездеріміз есімнен кетпейді. Ол әрқашанда жақсы көңіл-күйде жүретін.
Біз бүкіл өмірімізді бірге өткіздік десем қателеспегенім. Достығымыз сыйластық пен жақындықтың арқасында ажырамады".
Біздің серіктес: FONBET