Жарнама
Жарнама

Мане Малик – хет-трик

08.05.2011, 01:04
Жарнама
Жарнама
[caption id="" align="aligncenter" width="394" caption="Биылғы біріншіліктің алғашқы хет-тригі Малик Маненің еншісінде(ортада).."][/caption]

Бүгін ел біріншілігінің 10- тур ойындары болды.

«Астана-Аренада» көш бастап келе жатқан «Локомотив» «Ертісті» қабылдап қос команда қақпадан саңлау таба алмай тарқасты. Астаналықтардың сәтсіздігін оларды өкшелеп келе жатқан Талдықорғандық «Жетісу» тиімді пайдаланды. Ел чемпиондарын қабылдаған Асқар Қожабергенов шәкірттері ірі жеңіске қол жеткізіп турнир кестесінде тізгінді қолға алды. Щеткин Алексей, Бақаев Ұлықбек, Сариев Саят, Остапенко Сергей соққан голдарға «Тобыл» Гридин Сергейдің сыңар голымен ғана жауап қайтарды. Соңғы үш турда ұпайдан шашау шығармаған шымкенттік «Ордабасы» мұнайлы өлке атыраудың аттас командасымен кездесіп бірде –бір есебімен тең тарқасты. Нәтижелі соққыны жұмсағандар - Трайкович Александр мен Бекхан Киран. «Атырау» сапынан көзге түскен Бекханыңыз ойынның 2–бөлігінде алаңнан қуылған. Алайда, «Ордабасы» он ойыншының осал тұсын таба алмады. Жүлделі орыннан дәмелі командалардың бірі - «Шахтер», «Востокты» қабылдған. Сергей Хижниченко мен Жамбыл Көкеев көзге түскен ойында өскемендіктер қарағандылықтар алдында қауқарсыздық танытты.

Алматылық «Қайратты» қабылдаған ел біріншілігінің күміс жүлдегерлері қонақтар қақпасына жауапсыз 3 гол соқты. 3 голдың да авторы - Мане Малик.

Көш соңында қалып қоймауды көксейтін командалар киелі Таразда тіресті. Қызылордалық «Қайсардың » қоржыны бос қайтты қонақтан. Мұндағы есеп 1-0, жетім голдың авторы – Неманья Иованович. Сонымен турнир кестесі төмендегідей : Командалар: О Ұ 1.Жетісу 10 21 2.Локамотив 10 21 3.Шахтер 10 20 4.Ақтөбе 10 20 5.Ертіс 10 17 6.Ордабасы 10 16 7.Тобыл 10 11 8.Атырау 10 11 9.Тараз 10 9 10.Қайрат 10 8 11.Васток 10 7 12.Қайсар 10 5
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров