Жарнама
Жарнама

Мансабын аяқтаған 38 жасар англиялық футболшы испаниялық клубта өнер көрсетпек

28.11.2020, 03:40
Қорғаушы кезінде «Манчестер Ситидің» намысын қорғаған.
Жарнама
Жарнама

Англияның бұрынғы қорғаушысы, үш жыл бұрын футболшы ретіндегі мансабын аяқтаған Джолеон Лескотт қайтадан футбол ойнамақшы.

38 жастағы ойыншы Испанияның үшінші дивизионында өнер көрсететін "Расинг Мурсия" командасымен келісімшартқа отырды. Келісімнің қолданылу мерзімі туралы ақпараттар әлі белгісіз. Тек Лескоттың "Левантамен" болатын Испания кубогының матчына қатысатыны айтылған. Мүмкін, ойыншы клуб үшін бір ғана матч өткізуі мүмкін.

Лескоттың соңғы командасы "Сандерленд" болды. Джолеон одан бөлек "Вулверхэмптон", "Эвертон", "Манчестер Сити", "Вест Бромвич", "Астон Вилла" және АЭК клубтарында да ойнады және 2007-2013 жылдар аралығында Англия құрамасына шақыртылды.

Бұған дейін "Расинг Мурсия" президенті "Барселонаның" бұрынғы шабуылшысы Самуэль Это’О осы командада мансабын қайта бастауы мүмкін екенін айтқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров