Жарнама
Жарнама

Мансабын қайта бастаған Петр Чех алғашқы матчын өткізді

15.12.2020, 18:05
Қақпашы екі гол жіберіп алды.
Жарнама
Жарнама

"Челсидің" екінші командасында футбол мансабын қайта бастаған 38 жастағы чехиялық қақпашы Петр Чех өнер көрсетті.

Кеше команда "Тоттенхэмге" қарсы ойнаған болатын. Кездесу 3:2 есебімен "Челсидің" пайдасына аяқталды. Бірінші таймда "көктер" екі гол жіберіп алды, бірақ үзілістен кейін үш гол соғып, жеңісті жұлып әкетті.

Кездесуге Чехтен басқа "Челсидің" тағы бір тәжірибелі ойыншысы қатысты. Жартылай қорғаушы Даниэль Дринкуотер негізгі құрамда алаңға шықты. Алайда ол матч соңына дейін ойнай алмады: 77-минутта алаңнан қуылды.

Чех кәсіби мансабының көп бөлігін "Челсиде" өткізді. Қақпашы 2004-2015 жылдар аралығында Лондондық клубтың намысын қорғады. "Көктермен" ол 15 кубок жеңіп алды, төрт рет Премьер-лига чемпионы және бір рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров