Жарнама
Жарнама

«МанСити» «ірі есеппен ұту» дәстүрін жалғастырды

28.10.2011, 05:31
Жарнама
Жарнама
Ағылшын премьер-лигасында көш бастап тұрған “Манчестер Сити” Англия Лига кубогы жолында “Вулверхэмптонды” сырт алаңда 5:2 есебімен ойсырата жеңді.

Кездесудің 18-минутында қорғаушылардың арасынан саңлау тапқан “Вулверхэмтон” шабуылшысы Ненад Милияш есеп ашты. “Манчестер Сити” ойыншылары жауапты ұзақ күттірген жоқ.  Небәрі үш минуттың ішінде үш гол соққан Манчини шәкірттері үзіліске дейін ойынның тағдырын шешіп тастады. 37-минутта Майкл Джонсон таразы басын теңестірсе, Самир Насри мен Эдин Джеко тиісінше бір-бір доптан тоғытты. Ал екінші таймда шабуылдауын үдете түскен манчестерліктер есеп айырмасын одан әрі өсіре түсті. “Вулверхэмтон” қақпашысы Де Врис өз қақпасына автогол соғып алса, бұл кездесудің үздік ойыншысы Эдин Джеко 64-минутта есепті 5:1 ге жеткізді. Алайда намысқа тырысқан алаң иелері матч соңына дейін Охараның көмегімен есеп айырмасын қысқартты.

КТК
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров