Жарнама
Жарнама

Мануэль Нойер - Чемпиондар лигасында ең көп ойын өткізген 4-қақпашы

27.02.2020, 14:32
Жарнама
Жарнама

Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңінің алғашқы матчында "Челси" өз алаңында "Бавариядан" ұтылды.

Opta порталының мәліметінше, бұл Мануэль Нойер үшін еуро бәсекелердегі 107-ойын. Осылайша, 33 жастағы неміс "Барселонаның" бұрынғы қақпашысы Виктор Вальдесті басып озды. Енді Нойер Чемпиондар лигасы тарихында ең көп ойынға қатысқан қарақшылар төрттігінде.

  1. Икер Касильяс (177 ойын, "Реал" мен "Порту" сапында)
  2. Джанлуиджи Буффон (123 ойын "Ювентус")
  3. Петр Чех (111 ойын "Челси" мен "Арсенал").

Естеріңізге сала кетейік, Нойер "Бавария" сапын 2011 жылы толықтырып, 2013 жылы Чемпиондар лигасында жеңіске жетті. Оған дейін "Шальке" жейдесінде өнер көрсеткен.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров