“Бавария” ФК көшбасшысы қатарға 3 аптадан кейін қосылады деп күтілуде.
Осы маусымда 39 жастағы Нойер мюнхендік ұжым сапында 18 ойын өткізіп, өз қақпасына 17 гол жіберді. Жақын уақытта қақпашы медициналық тексерістен өтіп, ем-шараларын қабылдайды.
Баварияның “Айнтратхқа” қарсы кездесуіне Мануэльдың орнына Свен Ульрайх алаңға шығады. Ал Нойердің өзі Чемпиондар Лигасының 1/8 финалы матчы басталғанға дейін қатарға қайта қосылмақ.
Айта кетейік, Германияның аңыз қақпашыларының бірі “Бавария” құрылымында 2011 жылдан бері өнер көрсетіп келді. Мұнда ол барлық турнирлерде 589 матч өткізіп, Бундеслигада 12 рет чемпион болған Томас Мюллерден кейінгі рекордсмен атанды.
Біздің серіктес: FONBET