Чилилік бапкер жайлы, жанкүйерлер бір кездері “Реал Мадридтің” тізгінің ұстағанын, “Малагада” жасаған сенсациясы, қазіргі “Манчестер Ситидің” жаттықтырушысы ретінде таныр. Біз жаттықтырушының, бүкіл жаттықтырушылық жолымен оқырмандарды таныстыруды жөн көрдік.
Пеллегринидің тұңғыш жаттықтырған командасы “Универсидад де Чили”-Чилидің католиктік университетінің клубы. Бұл команданың тізгінін 1988 жылы ұстаған болатын. Негізі бұл командада футболшы ретінде де өнер көрсеткен. 1973-ші жылы сол университеттің инженер-құрылысшы факультетінде оқып жүрген Пеллегрини, осы клубта өнер көрсетуді жөн көреді. 13 жыл орталық қорғаушы орнында ойнап, 1979-шы Чили кубогін жеңіп алады. Бірақ бірінші жаттықтырушылық тәжірбиесі өте сәтсіз болды. Команда, турнир кестесінің соңғы орнына түсіп, келесі маусымды төменгі біріншілікте бастайды. Кейін, Чилидің бірнеше клубтарын жаттықтырған Пеллегрини, бірінші жетістігі 1995-ші жылы “Универсидад Католика” командасымен жеңіп алған Чили кубогі.
Ал, 90-шы жылдардың аяғынан бастап шет мемлекеттерде жұмыс істейді. Эквадордың астанасы Кито шаһарының “ЛДУ” командасын жаттықтырып, 1999-шы ел чемпионына айналдырды. Екі жылдан соң аргентиналық “Сан-Лоренсо” клубынын тізгінін өз қолына алып, оны да ел чемпионы етеді. Жаттықтырушының келесі жетістігі басқа аргентиналық командамен болады. “Ривер-Плейтті” де Аргентинаның чемпионы еткен чилилік бапкер, енді Еуропадан шақыру алады. Қызығушылық білдірген клуб-“Вильяреал”.
Еуропаны шуатып, сенсация жасауға аттанған қадамы еді бұл. Пеллегриниге дейін испандық команданың жетістігі, 2000-2001 маусымда Испан примьерасындағы жетінші орны. Ал, еурокубокта команда бір-ақ рет 2003-2004 маусымда Уефа кубогінде(қазіргі Еуропа лигасы) өнер көрсетіп, жартылай финалға шыққан. Пеллегрини келісімен, команда ешқашан жетпеген жетістіктерге жетті.
2004-2005 маусымда Уефа кубогіне қатысып, бірақ бұл жолы ширек финалда голландық “Аз Алкмар” командасына жол береді. Керісінше, ішкі біріншілікте сенсация жасап, үшінші орынға ие болып, келесі маусымда бірінші рет Чемпиондар лигасында ойнау құқығына ие болады. Іріктеу кезеңінде “Эвертонды” жеңген “Вильяреал”, ешкім күтпеген жерден “Бенфика”, “Лилль”, “Манчестер Юнайтед” секілді еурокубоктердің майын ішкен командалармен бір топқа түсіп, топтың жеңімпазы атанады. Плей-оффтың бірінші кезеңінде “Рейнджерстен” айласын асырып, ширек финалда Интермен кездеседі. Осы кезде-ақ ол өзінің стратег, тактик екенің мойындатқантұғын. Азулы “Интерге” қонақта 1-2 есебімен жеңілсе де, өз алаңында өз қаруын өзіне қарсы қолданып тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда қанша жерден стратег болғанымен де Арсен Венгерден айласын асыра алмай, қонақта минималды жеңіліп, жарыс жолын тоқтатты. Испанияның “Вильяреал” атты қалашығының командасының осы кезеңге шығуының өзі үлкен сенсация еді. Осы жетістіктең кейін де Пеллегрини команданы примьерада 7-ші орыннан төмен түсірген жоқ, онымен қоса екі маусым өткен соң тағы да команданы Чемпиондар лигасының ширек финалына шығарады.
Біздің серіктес: FONBET