Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ЧЛ негізгі кезеңін қабылдайтын алаң мен билет бағасы жайлы маңызды ақпарат таратты.,
Айта кетейік, осы айдың аяғында алматылық клуб 2-тур аясында «Реал» Мадрид клубын қабылдайды. Одан бөлек тағы 3 ойын Алматының «Орталық» алаңында өтеді деп жоспарлануда.
«Бүгінде бар назарымыз Чемпиондар Лигасының матчтарында. Алматыдағы стадион – УЕФА–ның төртінші категориялы алаңы. Стадион стандартқа сай және матчты сол жерде өткізу жоспары бар. Қала дайын ба? Осыған дейін де ауқымды іс-шаралар өткізілген және сол кезде алаңның көлемді шараларға дайын екенін көрдік. Оның үстіне УЕФА желісі бойынша квотаға сай 4-5 мыңның айналасында саяхатшылардың келуін күтудеміз. Билет бағасы бойынша әлі бір нақтылық жоқ. Бұл бағытта УЕФА мен клуб бірлесіп жұмыс істеуде. Барлық ақпарат клубтың ресми сайтына шығуы тиіс. Мемлекетте билет бағасына ықпал ететін құқық жоқ», - деді Е. Мырзабосынов «Tengri Sport» порталына берген сұқбатта.
«Қайрат» өз алаңында «Реалдан» бөлек тағы «Пафос» (Кипр), «Олимпиакос» (Грекия) және «Брюгге» (Бельгия» командаларын қабылдаймақ.
Біздің серіктес: FONBET