«Тараздың» капитаны Мақсат Әмірханов клубтың баспасөз қызметіне «Шахтермен» өткен ойын және «Тұранмен» болатын матч туралы пікір білдірді.
- Мақсат, жеңіс құтты болсын! Маусымды осылай сәтті бастаудың сыры неде деп ойлайсың?
- Үлкен рахмет! Бірінші маусымның жақсы басталуымен бізге сенім білдіріп, қолдау көрсетіп жүрген жанкүйерледі құттықтағым келеді. Өз алаңымыздағы биылғы чемпионаттағы алғашқы жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Бұл психологиялық тұрғыда өте маңызды. Бұған дейін болған ойындар секілді біз бұл кездесуге де бапкерлердің қойған тактикалық тапсырмасын орындауға тырыстық. Сәтті бастауымыздың сыры осында болса керек. Әлі босаңсуға болмайды. Артта қалған төрт тур әлі ештеңені білдірмейді. Шешуші ойындардың бәрі алда.
- Соңғы турда жарақат алып, алмасуға мәжбүр болдың. Жарақат қаншалықты ауыр?
- Қазір сізге ештеңе айта алмаймын. Бүгін-ертең дәрігерлік тексеріс қорытындысы белгілі болып қалуы керек. «Тұранмен» болатын кездесуге толық дайын болғым келеді.
- «Тұран» «Қайратпен» болған ойында ірі есеппен ұтылды. Ал «Тараз» тең есеппен тарқасты. Салыстырмалы түрде алғанда, тараздықтар күштірек деп айтуға бола ма?
- Негізі оны бұлай қорытуға болмайды. Командалардың бір бірімен кездесуін ғана назарға алып, салыстыруға болады. Матчқа кім жақсы дайындықпен келеді, сол мықты болады. Біз жоғары лиганың дебютантымен ойнаймыз. Олар өз күшін көрсетіп келеді. Мысалы, «Астанадан» ұпай алды. Демек, жеңіл кездесу болмайды.
«Тараз» КФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET