Жарнама
Жарнама

Мақсат Байжанов бұрынғы клубына қайта оралды

18.02.2021, 16:10
Жақын арада келісім-шартқа отыруы мүмкін.
Жарнама
Жарнама

"Қайсар" жанкүйерлерінің сүйікті футболшысы Мақсат Байжанов кеше команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды. Мақсат жаңа маусымда қызылордалық клубтың намысын қорғауға ниетті.

Айта кетейік, Мақсат Байжанов Ел біріншілігінде ең көп ойын өткізген футболшы. Сонда й-ақ Байжанов отандық футболшылардың құрметіне берілетін Серік Жейлитбаев атындағы сыйлықтың иегері.

Мақсат өткен маусымда Бірінші лигада бақ сынаған "Атырау" командасында өнер көрсетті. 7 матч өткізіп 4 голды өз еншісіне жазды. Байжанов 2017-2019 жылдар аралығында "Қайсар" командасында доп тепкен.

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров