Жарнама
Жарнама

«Мақтаарал» «Астана» қорғаушысын жалға алды

26.07.2022, 16:24
Футболшы жыл соңында елордалық клубқа қайта оралатын болады.
Жарнама
Жарнама

«Астананың» 22 жастағы қорғаушысы Сағи Совет «Мақтааралға» жалға берілді, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі.

Биылғы маусымда Совет «Астана» сапында 9 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді. Футболшы жыл соңында елордалық клубқа қайта оралатын болады.

Бұған дейін «Мақтаарал» 25 жастағы беларусь жартылай қорғаушысы Алексей Носко, Қырғызстан құрамасының 26 ​​жастағы жартылай қорғаушысы Одилжон Абдурахманов, 28 жастағы ивуарлық жартылай қорғаушы Секу Думбия, 34 жастағы қақпашы Рамиль Нұрмұхаметов және 20 жастағы ивуарлық жартылай қорғаушы Яо Леонард Джахамен келісім-шарт жасасқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров