Жарнама
Жарнама

«Мақтаарал» Беларусь құрамасының қорғаушысымен келісім-шарт жасаспақ

31.01.2022, 17:18
Атакенттік клуб егде жастағы футболшыларды қатарға қосуда.
Жарнама
Жарнама

Беларусь құрамасының 34 жастағы қорғаушысы Руслан Юденков мансабын «Мақтааралда» жалғастырады.

Келісім-шартқа жақын арада қол қойылады деп күтілуде. Футболшының бір айлық жалақысы шамамен 4,5 мың долларды құрамақ.

Руслан Юденков тек өз елінде, атап айтсақ, «Днепр», «Спартак», «Ведрич-97», «Гомель», «Славия-Мозырь», «Гранит» және «Городея» клубтарында өнер көрсеткен.

Өткен маусымда ол «Гомель» сапында 26 кездесу өткізіп, 1 гол мен 2 нәтижелі пасты өз атына жазды. Сондай-ақ Юденков Беларусь құрамасында 4 матчқа қатысқан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров