«Мақтаарал» ФК келесі маусымда кім жаттықтыратыны белгілі болды

22.01.2023, 22:03


"Мақтаарал" ФК 2023 жылғы маусымға арналған бапкерлік штабын жария етті.

Клубқа өткен жылдың қыркүйегінде келген Константин Горовенко әрмен қарай қызметін атқара бермек.

Түркістан облысының ұжымы Горовенкодан бөлек, бапкерлерменде келісімге келді:

Ю. А. Новиков - қақпашылар бапкері;

Д.Н.Мамонов - бас бапкердің көмекшісі;

Есатов Р.С. - фитнес-бапкер.

Еске салайық, "Мақтаарал" ҚПЛ өткен маусымын 8 орында аяқтады.