«Мақтаарал» Кабанангамен келіссөздер жүргізіп жатыр

20.01.2023, 23:59


"Астана" ФК экс-ойыншысы Джуниор Кабананга ҚПЛ оралуға жақын.

"Мақтаарал" трансферге бар ынтасымен кіріп кетіпті. Түркістандық ұжым Конго футболшысының мансабын ақ парақтан бастауына жол ашпақ.

Кабананга елордалық клубта 2015-2019 жылдары аралығында өнер көрсетті. Ол жалпы алғанда "Астана" үшін 77 ойын өткізіп, 31 гол салды.

Шабуылшы "Астанадан" кеткеннен кейін ауысқан клубтарында орныға алмады. Оның "Катар СК", "Шахтер Солигорск", "Миовени" ұжымдарында жасаған жорығы сәтсіз аяқталған болатын. 

Еске салайық, "Мақтааралдағы" шекті жалақы 2 млн теңгеден аспайды.