«Мақтаарал» Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турында «Ақсудан» басым түсті. Матч «Түркістан Арена» стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 8-минутында Айбол Әбікен «Ақсуды» алға шығарды. Он минуттан кейін Рамазан Кәрімов есепті теңестірді. Ал 37-минутта Артем Разгонюк бұрыштамадан асырылған пасты сәтті пайдаланып, командасына жеңіс сыйлады.
Қазақстан Премьер-лигасы, 6-тур
«Мақтаарал» – «Ақсу» – 2:1
«Мақтаарал»: Сергей Литовченко (қ) – Артур Западня, Руслан Юденков (к), Артем Разгонюк, Егор Потапов, Ілияс Әмірсейітов – Расамбек Ахматов, Әліби Тұзақбаев – Бекзат Жақсыбайұлы (Ғалымжан Кенжебек 64), Биллал Себаихи (Рифат Нұрмұгамет 60 (Ринат Джуматов 77)), Рамазан Кәрімов (Едіге Оралбай 77);
«Ақсу»: Евгений Кучеренко (қ) – Ғафуржан Сүйімбаев (к), Фейт Обилор, Ұлар Жақсыбаев, Қайрат Жырғалбек уулу – Айбол Әбікен, Жасұлан Қайыркенов (Арман Смаилов 58), Асланбек Кәкімов (Дмитрий Бачек 83), Еркебұлан Тұңғышбаев (Дамир Марат 58) – Изат Құлжанов, Мирас Тұрлыбек (Сергей Хижниченко 46);
Біздің серіктес: FONBET