Жарнама
Жарнама

«Мақтаарал» өзбекстандық клубты жеңді

12.02.2022, 14:46
Атакенттік клуб сапында екі футболшы дебюттік голын соқты.
Жарнама
Жарнама

Атакенттік «Мақтаарал» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында өзбекстандық «Бунёдкордан» 2:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, «Мақтаарал» сапында бірден екі ойыншы: Ілияс Әмірсейітов пен Алекс Бруно дебюттік голын соқты. Әмірсейітов атакенттік клубқа жақында ғана «Қайсардан» еркін агент ретінде қосылған болатын. Ал Алекс Бруноның «Мақтааралда» өнер көрсетуі көпшілікті таң қалдыруы мүмкін. Тура 12 күн бұрын бразилиялық ойыншы «Атырауда» жүрген еді, тіпті Ирактың Олимпиадалық құрамасымен болған ойынға (0:2) қатысты.

Андрей Ферапонтов шәкірттері алғашқы матчта «Ротормен» тең ойнаған болатын (0:0).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров