Жарнама
Жарнама

«Мақтаарал» қазақстандық футболшыны қатарына қосты

23.04.2022, 16:08
Ойыншы атакенттік клубқа еркін агент ретінде ауысты.
Жарнама
Жарнама

«Мақтаарал» 22 жастағы қазақстандық шабуылшы Жан-Али Пайрузбен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Ойыншы атакенттік клубқа еркін агент ретінде ауысты. Жаңа командада Пайруз 77-ші нөмірмен өнер көрсетеді.

Жан-Али Пайруз - «Шахтердың» түлегі. Қарағандылық клуб үшін 56 матч өткізіп, 6 гол соқты, 4 нәтижелі пас берді. Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамаларында да ойнады.

Қазақстандық ойыншының соңғы клубы «Каспий» болды. Пайруз ақтаулық клуб сапында 9 матч өткізіп, 1 ғана нәтижелі пастың авторы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров